Эгей теңізінде бір түнде 42 мигрант батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен түнде Эгей теңізінде Еуропа жағалауына жетпек болған ең кемі 42 адам ажал құшты.
Қайықтардың бірі шағын грекиялық Калолимнос аралығының жағалауында аударылды: 34 адам қаза тапты, оның 11 бала.
Тағы 8 адам Фармакониси аралының маңында қайықтың батуы салдарынан көз жұмды, деп хабарлады Би-би-си.
Өткен жылы Еуропаға миллионнан астам мигрант келді. Түркиядан Грекияға дейінгі жолда 700-ден астам адам көз жұмды. Жұма күні Германия канцлері Ангела Меркель жағдайды талқылау үшін Берлинде түрік премьері Ахмет Давотоглумен кездесу өткізеді.
Жуырда Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс еуропалық көші-қон дағдарысы Еуроодақты жойылу қаупіне қойғанын ескертті. М. Вальс Еуропа Ирак пен Сириядағы соғыстан қашқан босқындардың барлығын қабылдай алмайтынын айтты.