Егін орағы науқаны: 15 млн гектар орылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қыркүйектегі жағдай бойынша 15,4 млн гектар (96,8%) жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл орылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Орташа өнімділік гектарына 9,6 центнерден айналып, 14,8 млн тонна астық жиналды. Оның 11,6 млн тоннасы бидай. Сондай-ақ 616,7 мың тонна майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп, 4,1 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Астық егетін негізгі аймақтар – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,5 млн гектар егіс алқабы орылды. Бұл жиналуы тиіс жалпы алаңның 98,9%-ы. Орташа өнімділік гектарына 8,8 центнерден айналып, 10 млн тонна астық бастырылды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде.

Нақтыланған дерек бойынша, республикада сыйымдылығы 29,3 млн тонна астықты сақтайтын мүмкіндік бар. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,4 млн тонна, фермерлерде 16,9 млн тонна астық сақтайтын орын жасақталған.

«2021 жылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын және қарқыны былтырғыдан жоғары. Жиын-терім жұмыстарына қатысты барлық мәселе министрліктің бақылауында», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар