Егін орағына ауыл шаруашылығы техникасының 93 пайызы дайын
ТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Егін орағына ауыл шаруашылығы техникасының 93 пайызы дайын. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Егін орағы науқанында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 405 мың тонна жеңілдікті жанар-жағармай бөлінді. Бүгінде бұл тұрғыдағы жоспар орындалуда»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, бұл жағармайды жеткізу бойынша шаралар кесте бойынша жүргізіліп жатыр.
«Облыс әкімдіктері мәліметі бойынша, егін орағына ауыл шаруашылығы техникасының 93 пайызы дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,-деді А. Мамытбеков.