Егін шаруашылығын сақтандырудың жаңа тетігі енгізілмек
«Аймақтық шыққан өнімнің индексі негізінде егін шаруашылығында міндетті сақтандырудың жаңа механизмдерін енгізу көзделуде. Яғни, коммерциялық сақтандырушылар үшін тең шарттар жасалады. Сақтандыру сыйақыларын субсидиялау жолымен егін шаруашылығындағы сақтандырудың жаңа механизмдерін енгізу АӨК субъекттеріне қаржы бөлуді арттыруға жол ашады», - дейді Арман Евниев Парламент Сенатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері талқыланған отырыста.
Вице-министрдің айтуынша, сақтандыру полисі екінші деңгейлі банктерден қарыз алу кезінде лайықты кепіл бола білуі керек.
«Қазіргі уақытта заң жобасын әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз есептердің, Бүкіләлемдік банк пен Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының кеңестері негізінде индексті сақтандыру бойынша сұрақтарды талдап, талқылап жатырмыз», - деп айтты Арман Евниев.