Егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 90 млрд. астам қаражат бөлінді - АШМ

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАгро» Холдингі бюджеттік несие қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 53,2 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнан өзге саланы қолдауға 39 млрд. теңге шамасында субсидия бөлінді.

«Күзгі дала жұмыстарына бір литріне шамамен 91 теңгеге тұрақты баға бойынша 410 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарық бағасынан 10% төмен», - деп қосты Ауыл шаруашылығы министрі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, астықты кептіру үшін қосымша 41,8 мың тонна дизель отыны бөлінген.

Соңғы жаңалықтар