Егін жұмыстарына жанар-жағармай сұранысы 360 мың тоннаны құрап отыр

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат -  «ҚазМұнайГаз  қайта өңдеу және маркетинг» АҚ  Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизельдік отынмен қамтуды жүзеге асырып келеді.
None
None

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011-2012 жылғы күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік нысандар мен мекемелерге мазут беру жөніндегі мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына облыстар мен Астана қаласынан 390 мың тонна мөлшеріндегі мазутқа деген сұранысы анықталған. «ҚазМұнайГаз ҚМ» АҚ аталған міндеттемелерінің 99,1 пайызға жуығын орындады.

Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жанындағы Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі және жанар-жағармайға баға белгілеу тетігі жөніндегі жұмыс тобының хаттамасына сәйкес  «ҚазМұнайГаз  ҚМ» АҚ егін жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген облыстардың ауылшаруашылығы өндірушілері атына дизельдік отын беруді жүзеге асыруда. Бұл ретте егін жұмыстарын жүргізу кезеңіне (наурыз-мамыр) арналған сұраныс көлемі 360 мың тоннаны құраған болатын. «ҚазМұнайГаз  ҚМ» АҚ міндеттемелері 208 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 77 мың тонна дизельдік отын болып отыр.

Жалпы 27 сәуірдегі жағдай бойынша компания 147,424 мың тонна дизельдік отын берді. Оның ішінде 52,896 мың тонна «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не, 94,528 мың тонна - «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ өндірісіне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар