«Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелер бере бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтарды, шаруа қожалықтарын, жеке азаматтарды қолдауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қаражатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 1 млрд. теңге бөлінді.

АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы - 6 млн. теңгеге дейін, жылдық сыйақы үстемесі - 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі - 10,2% дейін. Несиені қайтару екі маусым астығын сатудан кейін қарастырылған, бұл ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін өте маңызды жеңілдік. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы шаруалар жақын арада егістік науқанды бастауға дайын. Қордың Оңтүстік Қазақстан филиалы «Егінжай» бағдарламасы бойынша наурыздың бірінші күндері 8,5 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландырып, тағы 2 өтінімді қарастыруда. Ағымдағы жылы облыста көктемгі далалық және күзгі жиын-терім жұмыстарына 50 млн. теңге бағытталады деп жоспарланды. Жалпы 2014 жылы ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі далалық және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар