«Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелерді бере бастады.
None
None

«Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары мен жеке азаматтарды қолдауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруаышылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қаражатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы» арқылы 1 млрд. теңге бөлінді» делінген ҚР АШМ мәліметінде.

АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы - 6 млн. теңгеге, жылдық сыйақы үстемесі - 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі - 10,2% дейін. Несиені қайтару астықтың екі шығымын сатудан кейін қарастырылған, бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы шаруалар жақын арада егістік науқанды бастауға дайын. Қордың Оңтүстік Қазақстан филиалы «Егінжай» бағдарламасы бойынша наурыздың бірінші күндері 8,5 млн. теңгеге 2 жобаны қаржыландырып, тағы 2 өтінімді қарастыруда. Ағымдағы жылы облыста көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 50 млн. теңге бағыттау көзделуде.

Жалпы, 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар