Египет екі күннің ішінде $30 млрд инвестиция тарта алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық экономикалық конференция барысында Египет небәрі екі күннің ішінде $30 миллиардтан астам инвестиция тарта алды.

Египет екі күннің ішінде  $30 млрд инвестиция тарта алды

Бұл туралы мысыр елінің жоспарлау және әкімшілік реформалар министрі Ашраф Араби мәлім етті, деп хабарлайды РИА "Новости".

Әлемнің 89 елінен келген делегация Шарм-эш-Шейх қаласында кеше, сенбіде ашылған экономикалық даму және инвестиция жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуда.

«Қазірдің өзінде, яғни форум жұмысының екінші күні ел экономикасына салынған инвестиция $30 миллиардтан астам қаржыны құрады»,- дейді Ашраф Араби.

Сондай-ақ ол инвестициялық конференцияның жыл сайын өткізілуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады.