Египет қонақүйінде жүздеген Ресей саяхатшылары ас-сусыз қалды

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Египеттің Шарм-эль-Шейх курорттық қаласындағы бесжұлдызды Savita қонақүйінде бірнеше жүздеген Ресей саяхатшылары тамақсыз және сусыз қалды,олар осымен екінші күн тамақ және ауызсу ала алмай отыр.
None
None

Мұнан басқа, демалушылардың сөзіне қарағанда, олардың нөмірлерін ешкім жинамайды, деп хабарлайды Росбалт.

Мәскеу саяхатшысының сөзіне қарағанда, қонақүйде ешқандай қызмет көрсетуші қызметкер жоқ, мейрамхана бос, барлық барлар жабық. Аниматорлар асханада тамақты өздері дайындайды және саяхатшыларға үлкен көлемде ішімдіктер ұсынады.

Жанынан безгендер басшылыққа дейін жеткізеді, саяхатшылар қазір қонақүй қақпасының алдында өзіне назар аударуды талап етіп, митинг өткізіп жатыр. алайда, әзірге ешкім демалушылардың мәселесімен айналысқысы келмейді. «Корал Трэвел» туристік операторының өкілдерімен байланысу қиын - олар таңертеңнен келеміз деп уәде еткен, бірақ әлі күнге олардың ешқайсысы келген жоқ, - деп хабарлайды интернет-БАҚ.

Ресейдің Туристік операторлар қауымдастығының директоры Майя Ломидзе хабарлағандай, Ресей саяхатшылары аталған қонақүйге дүйсенбі күні келді. Бұл уақытта қонақүйде басшылықтың ауысуы болған, осы кезде жаңа басшылар бұл туралы «Корал Трэвел» компаниясына хабарламай, қызметкерді жұмыстан шығарған.

Басқа шетелдік саяхатшыларды өз туристік операторлары басқа қонақүйлерге ауыстырды. Қонақүйде тек ресейліктер қалды.

РФ елшілігінің Каирдағы консулдық бөлімі жағдайды өз бақылауына алды, дипломаттар болған оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға тырысуда.

Соңғы жаңалықтар