08:28, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Египет пен Куәйтте сатиралық телебағдарламаларға тыйым салынды
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Египет пен Куәйт үкіметтері саясаткерлерді әжуалайтын екі телебағдарламаға тыйым салды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Құқыққорғаушыларға белгілі болғанындай, Куәйттің Ақпарат министрлігі «Soatak Wasal» (Сіздің даусыңызды естідік) телебағдарламасына тыйым салған. Бұл хабардың қатысушылары куәйттік шенеуніктер мен депутаттар туралы әжуа сөздер айтқан. Тыйым салу туралы шешімді шенеуніктер бағдарламаның үш хабарын көргеннен кейін қабылдаған.
Бір мезгілде, құқыққорғаушылардың деректері бойынша, египеттік Ақпарат министрлігі «Hokuma Show» («Кабинеттік шоу») бағдарламасына тыйым салған. Бұл хабарда египеттік шенеуніктер, оның ішінде Премьер-министр Ахмед Назиф те бар, күлкіге айналдырылады.
Құқыққорғаушылар екі елдің де үкіметін өз шешімдерін қайта қарауға және хабарларды эфирге қайтаруға шақырды.