Египет пирамидаларды жалға бергісі келеді
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Египетте үкімет экономиканы тезірек сауықтыру үшін пирамидаларды жалға беру туралы ұсынысты қарастыруда, деп хабарлады Труд.ру сайты.
Елдің қаржы министрлігі Гизадағы, Свинкстегі пирамидалар, Луксор мен Әбу-Симбелдегі храмдар есебінен бес жылда 200 млрд. доллар пайда табуға болатынын есептеп шығарды.
Египеттің мәдени құндылықтарды сақтау министрлігі бұл ұсынысты сынға алды. Сондай-ақ бұған археологтар мен ежелгі египет мәдениетін зерттеушілер де қарсы болып отыр.