20:18, 25 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Египет пирамидаларының жанындағы ғимарат қирады
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Египеттік құтқарушылар Гизаның Ұлы пирамидалары кешенінің маңында өткен түні қираған ғимараттың астында қалған адамдарды іздеуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала деректер бойынша, үйдің қирауына заңсыз жүргізілген қазба жұмыстары себеп болған. Қазба жұмыстары қарапайым қауіпсіздік шаралары ескерілмей тікелей үйдің астынан жүргізілген.
«Қазушы қарақшылар» жеті метр тереңдікке бойлап еніп кеткен. Үйдің іргесі опырылып түскен және оның қабырғалары қираған. Құтқарушыларға әзірге бір адамды сақтап қалудың сәті түсті, тағы бес адам іздестірілуде.