08:33, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
Египет президенті лауазымына екі үміткер таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Египет президенті лауазымына үміткерлерді тіркеу аяқталды, деп хабарлады Утро.ру.
Оған фельдмаршал, бұрынғы қорғаныс министрі Абдель Фаттах ас-Сиси мен солшыл зайырлы оппозиция көшбасшысы Хамдин Сабахи ғана өтті.
Египеттегі президенттік сайлау мамыр айының соңында өтеді.