Египет Президенті Н. Назарбаевты президент сайлауындағы тарихи жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Египет Президенті Н. Назарбаевты президент сайлауындағы тарихи жеңісімен құттықтады

Египет Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси Мемлекет басшысын президент сайлауындағы тарихи жеңісімен және қызметіне кірісуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Египет ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын пысықтады.

Әбдел Фаттах ас-Сиси елдеріміз арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың алдағы уақытта да Қазақстан мен Египеттің достас халықтары мүддесіне тиімді қызмет ете беретініне сенім білдірді.