Египет соты «Мұсылман бауырлардың» 10 көшбасшысын өлім жазасына кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет соты елде тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 10 жақтасын сырттай өлім жазасына кесті. Арасында қозғалыс көшбасшысы Мохаммед Бади бар тағы 38 белсендісіне үкім шілде айында шығарылады, деп хабарлады РБК.
None
None

Үкім шығарылғандар «Мұсылман бауырларды» қолдаған исламшы-президент Мохаммед Мурсиді әскерилер тақтан тайдырған 2013 жылғы шілдеде Египетте зомбылық көрсетуге арандатуға айыптау бойынша сотталды.

Бұдан бұрын 2014 жылғы 21 мамырда сот «Мұсылман бауырлардың» 155 жақтасына әртүрлі мерзімдерге түрмеде отыруға үкім шығарды. Ұйымның 54 жақтасы өмір бойы түрмеде отыруға, қалғандары - 3 жылдан 10 жылға дейін сотталды. 18 мамырда сот осы қозғалыстың 160 жақтасын 15 жылға дейін түрмеде отыруға үкім шығарды.

Мурси құлағаннан кейін 2013 жылғы шілдеде оның жақтастары мен қарсыластарының қақтығыстарында 1 мыңнан астам адам қазаға ұшырады. «Мұсылман бауырлар» партиясының бірнеше мың жақтастары қазір түрмелерде отыр.

Соңғы жаңалықтар