Египетте 1 қаңтарға қараған түні александриялық шіркеуде болған жарылысқа қарсы 500-ге жуық адам шеруге шықты
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Египетте 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні александриялық шіркеуде болған жарылысқа қарсы 500-ге жуық адам шеруге шықты.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жас христиандар өз көшбасшыларының жаппай шеру акцияларына қатыспаңдар деген сөзін елемей, Асьют қаласы көшелеріне шықты, деп хабарлайды Associated Press.
Ұрандатқан демонстранттар билік партиясы ғимаратының қарсы бетіне жиналды. Олар сонымен қатар аумақты күзететін құқық қорғау қызметкерлерін таспен атқылады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.