Египетте автобус пен жүк көлігі соқтығысуынан үш адам қаза тауып, 37 адам жарақат алды

КАИР. СИНЬХУА. ҚазАқпарат – Египеттің солтүстігіндегі Матрух провинциясының жағалауындағы тас жолда туристер автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты, тағы 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Египетте автобус пен жүк көлігі соқтығысуынан үш адам қаза тауып, 37 адам жарақат алды

«Жол апаты таңертең Эль-Дабаа қаласының маңындағы Матрух-Александрия халықаралық жағалауы жолында болды. Зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізу үшін дереу 10 жедел жәрдем жіберілді», - делінген Матрух провинциясының мәлімдемесінде.

Провинцияның денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мабрук Салем зардап шеккендер әртүрлі дәрежедегі жарақат алғанын, ал кейбіреулеріне ота жасау керегін айтты.

Мысырда жылдамдықты арттыру, нашар жол жағдайы және жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан жыл сайын мыңдаған адам көз жұмады.