Египетте белгісіз перғауынның мүрдесі табылды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық археологтар Мысырдан бұрын аты беймәлім болған перғауын Сенебкейдің сүйегін тапты. Ол 3700 жыл бұрын ел басқарған, деп жазды Российская газета.

Египетте белгісіз перғауынның мүрдесі табылды

Перғауынның мазарын Пенсильвания Университетінің ғалымдары Каирдан 500 шақырым жердегі Оңтүстік Абидостан тапқан. Мүрденің Сенебкейдікі екенін ғалымдар моладағы билеушінің аты-жөні жазылған таңбалардан білген.

Бұдан бөлек, зерттеушілер сол маңайдан мысырлықтардың адам өлген кезде жасайтын салт-жоралғысына қолданатын құмыра тапқан. Алайда, құмыраның ішіндегі бағалы заттар қолды болған деседі.