Египетте бүгін парламенттік сайлау өтеді

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Египетте бүгін өткен ақпан айындағы президент Хосни Мүбарак тақтан тайдырғаннан бері алғаш рет парламенттік сайлау өтеді, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
None
None

Бұдан бұрын Жоғарғы әскери кеңес төрағасы фельдмаршал Хусейн Тантауи қаскөйлерге дауыс беруге кедергі жасауға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген болатын. Тантауи Каирдың Тахрир алаңында мыңдаған халық алдында сөз сөйледі.

Қараша айындағы манифестациялар кезінде полициямен қақтығыс салдарынан бірнеше ондаған адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар