Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — Мысырда ТМД туристері мінген автобус аударылды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі Cairo 24 басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті. Олардың көпшілігі Ресей мен Украинадан келген туристер.
«Зардап шеккендердің 31-і — Ресей мен Украинадан, үшеуі — Қазақстаннан, үшеуі — Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды», — деп жазады басылым.
Апат Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, Қытай түнде туристік орындарды күзету үшін роботтарды пайдаланып жатқаны хабарланды.