Египетте жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египетте жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Египетте жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Каирдің оңтүстігіне қарай Бени-Суэйф аймағындағы теміржол өтпесінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, екі вагон аударылған.

Қазіргі уақытта құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. 36 адам зардап шеккен. Оқиға орнына он шақты жедел жәрдем аттандырылған. Құтқарушылар қираған вагонды кесіп жолаушыларды шығаруда.

Апаттың шығу себептері әлі белгісіз.