07:35, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Египеттегі Солтүстік Синайда екі лаңкестік акті болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египеттің Солтүстік Синай провинциясының Эль-Ариш қаласында болған жарылыстар салдарынан кемінде екі адам мерт болып, алтауы зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости.

Синьхуа агенттігінің жергілікті полиция мен куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, бір жарылыс Эль-Ариш қаласындағы прокуратура мен полицей учаскесі маңында болған, деп хабарлады агенттікке куәгер. Оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ та құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Куәгердің айтуынша, жарылыстан кейін атыс естілген.
Полицияның айтуынша, сондай-ақ қалада полицей автомобилі жарылған, оның салдарынан бір полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын мерт болған, алты полицей зардап шеккен.
«Жарылыс күшті болды, зардап шеккен қызметкерлер Эль-Ариштегі госпитальға жөнелтілді», деген дереккөздің сөзін келтіреді Синьхуа.
Әзірге бірде-бір топ оқиға үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.