Египеттің бұрынғы президенті 20 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каир соты Египеттің бұрынғы президенті Мохаммед Мүрсиді 2013 жылы «Аль-Иттихадия» сарайының қасында болған наразылық шарасына байланысты іс бойынша 20 жылға соттады, деп жазады khabar.kz.

Египеттің бұрынғы президенті 20 жылға сотталды

Соттың айыптау қорытындысы бойынша Мүрси оппозиция өкілдерін өлтіруге итермелеген. «Мұсылман бауырлар» қозғалысы биліктен кеткен президентті қолдау мақсатында жұртшылықты наразылық шараларын өткізуге шақырған болатын. Наурыз айында Египет билігі Мохаммед Мүрсидің өлімге кесілген жақтастарына қатысты алғашқы шешімді іске асырды. Жазаға кесілген азамат «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жетекшісі биліктен кетірілгеннен кейін 2013 жылы болған қақтығыстар кезінде адам өлтірген деп танылды.