Египеттің туристік секторының ұшуларды тоқтатудан шығыны 500 млн. долларды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет курорттарына бірқатар елдердің бұл елге ұшуларды тоқтатуы салдарынан қыс айларында қонақүйлерді брондауды алып тастаудан келетін тікелей шығын 500 млн. долларды құрайды, деп хабарлады РИА Новости Египеттің туристік палатасы қауымдастығы басқармасының мүшесі Хусам аш-Шаирға сілтеме жасап.

Египеттің туристік секторының ұшуларды тоқтатудан шығыны 500 млн. долларды құрайды

«Бірқатар елдердің ұшуларды тоқтатуынан және қыс айларында қонақүйлерді брондауды алып тастауынан келетін тікелей шығын 500 млн. долларға жуық қаржыны құрайды. Біздің есептеуіміз бойынша, егер бұл мәселе таяудағы төрт-бес күннің ішінде шешілмесе, Египет жыл ішінде 2 млрд. доллар жоғалтады», - деді аш-Шаир.

Еске сала кетейік, ресейлік және кеңестік авиация тарихындағы ірі апат 31 қазанда болды. «Когалымавиа» авиакомпаниясының Шарм-эш-Шейхтан Санкт-Петерборға ұшып шыққан Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Оның бортында 217 жолдаушы және жеті экипаж мүшесі болды. Олардың бәрі де қазаға ұшырады.