Егістік алқаптары құрылымының өзгеруінде оңтайлы үрдіс байқалып отыр

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқанының жұмыстары жоспарлы тәртіпте жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, облыстардың нақтылаған мәліметтері бойынша биыл көктемгі егістік аумағы 18,8 млн. гектарды құрамақ. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы аумағы 21,5 млн. гектарға жетіп отыр. Оның ішінде астық тұқымдастары 16,2 млн. гектарға егілетін болады, ал майлы дақылдар 1,8 млн гектарды қамтымақ.

«Егістік алқаптары құрылымының өзгеруінде оңтайлы үрдіс байқалып отыр. Мәселен, мал жемі дақылдары егістерінің аумағы 300 мың гектарға көбейеді деп күтілуде. Сондай-ақ азықтық дақылдар егісі 10 пайызға, көкөніс, бақша дақылдары және картоп егістерінің аумағы 2 пайызға артады»,-деді А. Мамытбеков.

Соңғы жаңалықтар