Егістік алқаптарының 37,8 пайызынан астық жиналып бітті - АШМ
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Тамыздың 25-сі күнгі жағдай бойынша Қазақстанда егістік алқаптарының 37,8 пайызынан астық жиналып бітті.
«Ауыл шаруашылығы облыстық басқармаларының ақпаратына сәйкес, тамыздың 25-сіне дейін 5854,4 мың гектардан астық жиналды. Бұл жалпы егістік алқаптарының 37,8 пайызын құрап отыр. 4348,9 мың тонна егін бастрылды.. Жалпы түсім бір гектардан 7,4 центнерден айналып отыр», - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Айта кетейік, министрлік биыл 13 млн. тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Негізгі себеп - жаздың тым құрғақ болуы. Былтыр елімізде астықтың рекордтық мөлшері - 27 млн. тоннасы жиналған болатын.