Егіз қыздарға зорлық-зомбылық көрсеткен жамбылдық тұрғын сотталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында педофилге қатысты іс бойынша тыңдау аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аталмыш мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушы Т.-ға кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес айыптар тағылды. Сотта белгілі болғандай, сотталушы 2006-2012 жылдар аралығында көрші тұрған отбасылық жолдастардың қыздары болып табылатын апалы-сіңлілі егіздерге (2009 жылы туған) қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекетттерін бірнеше мәрте жасаған.
43 жастағы Т. қыздардың әкелерінің досы және көршісі болған, ара-тұра қонаққа келіп тұрған. Өзінің әрекетін видео және фотоға түсіріп отырған. Болған жәйт апалы-сіңлілі қыздар бұл туралы құрбыларына, ал ол өз кезегінде үлкендерге айтқан кезде ғана белгілі болды.
Сот үкімімен азамат Т. кінәлі деп танылып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол өмір бойына баланың тәрбиесімен байланысты қызметтермен айналысу құқығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.