«EGOV.KZ» Байланыс орталығының миллионыншы клиенті анықталды

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының миллионыншы клиентін салтанатты құттықтау шарасы өтті. Мерейлі клиент Астана қаласының тұрғыны Мариям Салихова болды. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметінен хабарланды.

«EGOV.KZ» Байланыс орталығының миллионыншы клиенті анықталды

Мариям қалалық компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Оның айтуынша, 1414 байланыс орталығына жылжымайтын мүлік сұрағы бойынша кеңес алу мақсатында хабарласқан. «Қызметті лезде көрсетілді. Оператор ерекшеліктерді түсіндіріп, ауыртпалықтар жайлы анықтаманы қайда және қалай алу керектігі жайлы толық ақпарат берді», - дейді миллионыншы клиент. Мариям Салиховаға Байланыс орталығының миллионыншы клиент сертификаты және естелікке сый тарту етілді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарушы директоры Әсел Молдабекованың айтуынша,1414 нөміріне әрбір хабарласушы белгілі бір қызметті қалай, қайда және қандай мерзімде алатындықтары жайлы, мемлекеттік органға қандай құжаттар беру керектігі жайлы толық нұсқау алады. Және белгілі бір қызмет бойынша туындаған әр сұрақтарды нақтылап, түсінік алуға болады.

Азаматтың байланыс үшін қандай жол таңдағаны - портал арқылы ма, қызмет көрсету орталығы немесе тікелей мемлекеттік органда ма - маңызды емес. Азаматтар үшін қоңырау шалу тегін. Қызмет тәулік бойы қол жетімді. Айта кетерлігі, байланыс орталығының операторлары мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша ғана консультация көрсетпейді, олар е-лицензиялау, е-нотариат, техникалық қызмет көрсету жүйесі, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік ақпараттық базасы, куәләндіру орталығы және тағы басқа көптеген ақпараттық жүйелеріне қызмет етіп, техникалық икемге ие.

Күніне орталыққа шамамен 6 мыңға тарта қоңыраулар, сондай-ақ электрондық пошта арқылы және электрондық үкіметтің «кері байланыс» нысаны арқылы күніне 150-ге дейін сауалдар келіп түседі.