«egov.kz» порталы арқылы қызметтер танымалдылығы артып келеді

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат  - ҚР Статистика агенттігінің  алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың желтоқсан айында  Интернет желісін пайдаланушылар саны 8 млн. 715 мың адамға жетті.

«egov.kz» порталы арқылы қызметтер танымалдылығы артып келеді

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметінің негізгі бағыттары бойынша статистикалық мәліметтерінде көрсетілген.

«Электрондық үкімет» порталы бойынша 2012 жылдың 20 ақпанындағы жағдайға сәйкес,  «egov.kz» арқылы 10 млн. 764 мың  е-анықтама, 957 515  ЭЦҚ берілген.

Бүгінгі күні «egov.kz» порталы арқылы қызметтерді алу танымалдылығы артып келеді.  Мысалы, ақпанның 6-сы мен 12-сі аралығында 6260 мекенжай анықтамасы  электрондық нұсқада іске асырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 1065-ті құрады. Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы  ақпанның 6-сы мен 12-сі аралығында жеке және заңды  тұлғаның  жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары  туралы 33 968  анықтама ХҚКО арқылы берілсе, 18 840 анықтама «egov.kz»  порталы арқылы жүзеге асырылды.