21:56, 11 Қыркүйек 2018 | GMT +5
eGov.kz порталының жаңа дизайны ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - eGov.kz порталының дизайнын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ - ның баспасөз қызметі.

Осыған дейінгі дизайн 2012 жылы жасалған, сол себепті ол бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмайды.
«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасы бойынша, осы уақытта порталдың басты беті мен ішкі бөлімдері интерфейсінің екі нұсқасы жасалып бітті. Екі нұсқаға да қалың көпшілік дауыс бере алады. Дауыс беру шарасы 15 күнге жалғасады. Қолданушылар өз еріктерімен оларды зерделеп, өздеріне ұнаған жобаға дауыстарын қалдыра алады»,-делінген хабарламада.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, ең үздік жұмыс eGov.kz. порталының соңғы үлгісі ретінде қолданысқа енгізіледі. Жаңа нұсқаға мына жерден дауыс беруге болады.