EgyptAir ұшағының құлауына түтін жайлы жалған дабыл себеп болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түтін жайлы жалған дабылдан кейінгі ұшқыштардың әрекеті EgyptAir ұшағының апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін, деп хабарлады The Wall Street Journal ақпарат көздері. Басылым ақпарат көздерінің мәліметінше, дабыл экипаждың «қажетсіз және қауіпті» әрекеттерге итермеледі.
None
None

Басылым хабарлағандай, мұндай модельді ұшақтарда түтін датчиктерінің іске қосылуы тиісті қауіпсіздік жүйесінің, соның ішінде ұшуды басқаруды қорғаудың автоматты жүйесінің істен шығуы себеп болуы мүмкін.

Ақпарат көзі айтқандай, қазір экипаж абайсызда лайнердің маңызды жүйелерін сөндірді немесе өзге де қауіпті шараларды пайдаланды деген нұсқалар тергеуге негіз болып отыр.

Бұрын француз кемесі EgyptAir ұшағының «қара жәшігін» іздеуге қосылатыны туралы хабарланған.

19 мамырда Парижден Каирге ұшқан EgyptAir әуе компаниясының А320 ұшағы Каир уақытымен сағат 2.30 Жерорта теңізінің үстінде радарлардан жойылған. Ұшақ бортында 66 адам болған, олардың 56-сы жолаушылар. Солардың ішінде 30 Мысыр азаматы, 15 Франция азаматы, сонымен қатар 11 өзге елдердің өкілі болған.

Соңғы жаңалықтар