18:42, 27 Қазан 2024 | GMT +5
Екі адамды ажалдан арашалап қалған тәртіп сақшысы марапатталды
АСТАНА. KAZINFORM – Екі адамды құтқарған тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.
Полицей екі рет тұрғындарды құтқарып қалды. Пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарған.
Оған қоса 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап қалды.
Шымкентте дәнекерлеуші бір отбасын өлімнен құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.