Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

ТҮРКІСТАН. KAZINFROM – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Екі елдің президенті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Екі елдің президенті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. 

Екі елдің президенті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда

Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар