Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

ауа сапасы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

18 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар