11:24, 02 Тамыз 2024 | GMT +5
                                        Екі мыңға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — 1 731 мектеп Starlink интернетіне қосылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
                                              Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі білім саласында бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр. 
Оның ішінде мектептер оғары жылдамдықтағы интернетке спутниктік Starlink технологиясымен қосылып жатыр. 
Starlink терминалдары орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.