07:28, 03 Ақпан 2025 | GMT +5
Екі облыста көлік қозғалысы ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол еліміздің екі облысында көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады.

ШҚО-да
2025 жылғы 3 ақпанда сағат 06:00-да «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
Абай облысында
3 ақпанда сағат 06:00-да «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын жазған болатынбыз.