Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол мекемесі.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Акционерлік қоғам баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 19 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау теңіз порты» автожолының 3-120 шақырым аралығында (Доссор ауылы-Құлсары ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады. 

2025 жылғы 20 ақпан сағат 07:00-де жолды ашу жоспарланған.

Сондай-ақ 2025 жылғы 19 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 624-673 шақырым арылығы (Достық ауылы — Тоқсан Би ауылы);

— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 795-834 шақырым аралығы (Чистополье ауылы — Рузаевка ауылы).

Жол учаскелерін 2025 жылғы 20 ақпан сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда жол-көлік апаттарының саны 57%-ға артқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар