ЕК төрағасының орынбасары: Грекияның банктік жүйесі күйреудің аз-ақ алдында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның банктік жүйесі күйреудің аз-ақ алдында деп мәлім етті сәрсенбіде Еурокомиссия төрағасының орынбасары Валдис Домбровскис.

ЕК төрағасының орынбасары: Грекияның банктік жүйесі күйреудің аз-ақ алдында

«Грекияның банктік жүйесі күйреудің алдында тұр», - деді ол Брюссельде журналистерге. Бұдан бұрын БАҚ Еуропа орталық банкі бейсенбіде грек банктері үшін шұғыл кредиттік бағдарлама бойынша кредиттеу шегін арттыруға әзір екенін хабарлаған. Бұлай болғанда, Грекияның қаржы мекемелері дүйсенбі, 20 шілдеде ашылады. Қаржы министрлігінің шешімімен Грекияда «Банк каникулы» 15 шілдеге дейін ұзартылды. Еуроаймақ елдері көшбасшыларының саммиті Грекияға 15 шілдеге дейін өз парламенті арқылы бірқатар заң жобаларын (оның ішінде зейнетақы жүйесі мен ҚҚС реформалау бойынша) өткізуді тапсырды. Осы заңдар қабылданса ғана ЕО тарапынан Грекиямен үшінші кредиттеу бағдарламасы бойынша келіссөздер басталатын болады.