Екатерина Аидова В финалында екінші орынға тұрақтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл күндері Польшада конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық Екатерина Айдова В финалында екінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Екатерина Аидова В финалында екінші орынға тұрақтады

Айдова 1500 метрге жүгіруден көзге түсті. Ол канадалық Изабэл Вайдманға есе жіберді. Үшінші орында чехиялық Никол Здрахалова.

Айта кетелік, ол 1000 метрге жүгіруден В тобында бірінші орын алған болатын.

А тобындағы финал (1500 метр) бүгін өтеді.