«Екатеринбор-Алматы» тасжолында 13 көлік соқтығысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағындағы автожолдарда бірнеше көлік соқтығысып, 100-ден астам көліктің кептелесі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екатеринбор-Алматы» тасжолында 13 көлік соқтығысты

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында автожолдардың 56 учаскесі жабылды. Алайда соған қарамастан, өңірдің кейбір автожолдарында ірі жол-көлік оқиғалары орын алды.

«Аршалы ауданы Ижевск ауылы маңындағы жол айырығының алдында, яғни Қарағанды қаласы бағытындағы «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1321 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Анықталғандай, онда 13 автокөлік соқтығысты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жол апатының салдарынан 53 автокөліктің (оның 23 жүк көлігі) кептеліс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, сол күні Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолдың бойында 11 көлік соқтығысып, ұзын көлік кептелісі пайда болды. Мұнда 24 автокөлікке механикалық зақым келді.

«Өңірдегі автожолдардың жабық учаскелерінде апаттық-құтқару жұмыстарына 170-тен астам техника жұмылдырылды. Полицейлер мен құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ауа-райының жайсыздығынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті», - деп толықтырды ведомстводан.