Екатеринборда аэробус сырғанаған күйі ұшу алаңының сыртына шығып кетті

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Кольцово» әуежайында Дубаи-Екатеринбор бағытында ұшатын «Уральск әуежелілері» компаниясының Airbus A321 ұшағы ұшу алаңының сыртына шығып кетті.

Екатеринборда аэробус сырғанаған күйі ұшу алаңының сыртына шығып кетті

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.

Ұшақ 30 метрге дейін сырғанап кетті. Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4.25-те болды. Ұшақ бортында 143 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі бар еді. Ешкім зардап шеккен жоқ .

Оқиғаның орын алуына ұшу-қон алаңының көктайғақтануы себеп болды.