Екатеринборда «Бірге бақыттымыз» сериалының кейіпкері Гена Букинге арналған мүсін ашылады

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Екатеринборда сериал кейіпкеріне арналған Ресейдегі ең алғашқы мүсін ашылады. «Бірге бақыттымыз» телесериалының кейіпкері Гена Букиннің монументалдық бейнесі Екатеринбор қаласының Вайнер жаяу көшесінде орнатылады.
None
None

Дәл осы жерде фильмнің сценарийі бойынша Гена сатушы болып істеген аяқ-киім дүкені орналасқан, - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Екі метрлік қола мүсіннің салмағы 435 келі. Автордың айтуынша, Ресейде сериалдық кейіпкерге ең алғашқы ескерткіш орнатылмақ.

Үлкен Букиннің тағылымды бейнесін экранда сомдаған актер Виктор Логинов барлығына ықылас білдіріп, назар аударғандарына шексіз алғысын айтып, ескерткіштің ашылуына міндетті түрде қатысатынын жеткізді. Ертеректе, В.Логинов Екатеринбор академиялық драма театры мен Урал жазушылар мұражайының камералық театрында актер болып қызмет еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар