Екатеринборда қыстың жылы болғандығы себепті жанаттар оянды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбор қаласының хайуанаттар бағында желтоқсандағы жылы күн райынан ондаған жанат қысқы ұйқысынан оянды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
«Жанаттар ұйқысынан оянды. Олар үшін бұл қалыпты жағдай, күн жылы болса, соны сезініп, оянады. Күн суытса, қайта ұйқыға кетеді. Бұл жағдай олардың денсаулығына әсер етпейді. Қазіргі кезде оларды майлы сорпаға пісірілген көкөністермен тамақтандырып жатырмыз», - деді Е1.RU порталына хайуанаттар бағының маманы Игорь Пермяков.