«Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында қозғалыс ауа райына байланысты шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

«Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында қозғалыс  ауа райына байланысты шектелді

Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Онда 19-20 сәуір күндері Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болатыны айтылған. Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.