Екатеринбург психикалық ауруханасы пациент картинасын миллион долларға сатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбургтегі жергілікті психикалық аурхана бірнеше жылдан бері пациенттерді өнер арқылы емдеп, арт-терапиямен айналысып келеді.
Дәрігерлер пациенттердің көпшілігінен суретшінің талантын байқаған. Мәселен, «Өзен. Орман» картинасын миллион долларға бағалап, сатуға шығарды. Дәрігерлер бағаның символикалық екенін айтуда. Аукцион арқылы олар психикасы бұзылған адамдардың қайта оңалу мәселесіне қоғам назарын аударғысы келеді, деп хабарлайды Вести.ру.
«Қымбат баға біздің қоғамда осындай адамдардың бар екеніне назар аударту үшін әдейі қойылған. Олар тек қана ауруханада емес, аурухана сыртында да өмір сүреді. Бұл адамдарда ерекше қабілет бар - олар әлемге басқа көзбен қарайды: қызық, әдемі», - деп түсіндірді психикалық бұзылудан зардап шегетін жандарға арналған жатақхана меңгерушісі Марина Чащина.