Екібастұз әкімдігі МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді 8 есе қымбат бағамен сатып алмақ болған

құрылыс
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының прокуратурасы МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.

Нәтижесінде нақты құны 126 млн теңге болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар