Екібастұз энергия торабының жұмысы қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 19 маусымда болған апаттық ажыратудан кейін Екібастұз энергия торабындағы 500 кВ әуе желісі арқылы электрмен жабдықтау схемасы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.

Екібастұз энергия торабындағы жұмыс қалпына келтірілді
Фото: t.me/kegocofficial

— Электр жеткізу желілеріндегі апат салдары жойылды. Мамандардың жедел әрекет етіп, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қалпына келтірді. Бұл ретте Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның БӘЖ-іне аварияның салдарын барынша азайтты. Сағат 19:08–де Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының параллель жұмысы қалпына келтіріліп, тұтынушыларға енгізілген шектеулерді алып тастау жұмыстары басталды, — делінген «KEGOC» АҚ хабарламасында.

Бұдан бұрын Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар