Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Екібастұзда полиция бөлімшесінде ер адамның денесі табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде полиция бөлімшесінде түсірілген кадрлар тарады: онда ер адамның тергеу камерасында ес-түссіз жатқанын көруге болады.

Екібастұзда полиция бөлімшесінде ер адам өлі күйінде табылды
Фото: Pixabay

Видеода Солнечный кентінің 37 жастағы тұрғыны үйінің жанында ұсталғаны айтылған. Жарты сағаттан кейін полиция оның анасына қоңырау шалып, келуін сұраған.

Туыстары бөлімшеге жеткенде темір тордың ар шетінде ер адамның шолақ шалбарының бауына асылып қалғанын көрген. 

Павлодар облыстық полиция департаменті 11 тамызда учаскеде бұл оқиғаның болғанын растады.

Мас ер адамның үйдің ауласында қоғамдық тәртіпті бұзып бұзып, әйеліне күш қолданамын деп қорқытқаны туралы хабар түскен. Ол ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

— Ер адамның бұрын сотталғаны және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды, кейін ес-түссіз күйінде табылды. Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, ер адам қайтыс болды. Бейнежазбалар тексеріліп жатыр, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Осыған дейін Екібастұзда пәтерлердің бірінен айуандықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі табылғанын хабарланбыз.