Екібастұзда жылу тарифі өзгерді
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жеке және заңды тұлғалар, бюджеттік мекемелер үшін 2024 жылғы 1 ақпаны мен 2025 жылдың 31 қаңтары аралығына арналған жылудың жаңа тарифін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті бекіткен жылудың жаңа тарифтері келесідей (1 Гкал үшін):
- Үйлерінде ортақ жылу есептегіштері бар жеке абоненттер үшін – 2554,16 теңге (бұған дейін 1807,89 теңге болған);
- Үйлерінде есепке алу құралдары жоқ жеке абоненттер үшін – 3367,64 теңге бұрынғы тариф қалдырылды;
- Жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар өзге тұтынушылар үшін тариф 8393 теңгеден 10 712 теңгеге, ал аспаптары жоқтар үшін 8393 теңгеден 14 185 теңгеге дейін өзгереді;
- Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф есептегіш болған жағдайда 25 421 теңгеден 47 701,49 теңгеге дейін (93 пайызға көтерілді), есептеу құралы болмаса 49 274 теңгеге дейін өсіп отыр.
Осылайша жеке тұтынушылар үшін тариф шамамен 41 пайызға артты.